1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы

2022 жылғы 29 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық бірлестіктер және монополияға қарсы орган өкілдерінің қатысуымен "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ іске асыратын қызметтер бағасының жобасын талқылау бойынша қоғамдық тыңдау өтті.

Қоғамдық тыңдаулар - мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің құнын бекіту жөніндегі міндетті рәсімдердің бірі.

Қор қызметтерінің құны Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес мемлекеттік реттеу енгізілгеннен бастап, осы қызметтерді көрсетуге жұмылдырылған қызметкерлердің еңбек нормаларын негізге ала отырып, қаржы жылына Қордың даму Жоспары аясында бекітілген монополияға жататын қызметті жүзеге асыруға арналған шығыстарды есептеуге бағытталған.

Талқылау барысында атап өтілгендей, ҚР Кәсіпкерлік кодексіне және "МӘМС туралы" Заңға сәйкес, Қор қызметтерінің құнын есептеу негізіне мемлекеттік монополияға жататын қызметтің екі түрін жүзеге асыруға арналған шығыстар кірді.

Бірінші, аударымдар мен жарналарды есептеу. МӘМС-ке аударылатын аударымдар мен жарналардың есебі, мониторинг, қысқа, орта және ұзақ мерзімді кезеңдерге талдау және жоспарлау, актуарлық есептеулер, МӘМС-ке түсімдерді қамтамасыз ету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, халықпен және заңды тұлғалармен қарым-қатынас орнату, соның ішінде 1406 Call-орталық арқылы есептеу, ставкалар, мерзімдер, жарналар мен аударымдарды төлеу тәсілдері туралы ақпарат беру.     

Екінші түрі мемлекеттік монополия, бұл МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін төлеу. Оған МӘМС жүйесіндегі келісімшарт бойынша көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг кіреді. Оның ішінде ресми кері байланыс арналары арқылы Қорға келіп түскен шағымдар негізінде төлемге актілерді қалыптастыру және қол қою, жеткізушілермен көрсетілген медициналық қызметтерге төлемдер МӘМС активтері бойынша бухгалтерлік есепке алынады.

Қор өкілдері аударымдар мен жарналарды шоғырландыру, МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу бойынша қор мемлекеттік монополия субъектісі ретінде іске асыратын қызметтер бағаларының жобалары монополияға қарсы органға сараптамаға жіберілетінін және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткеннен кейін комиссиялық сыйақы мөлшерін есептеу кезінде қолданылатынын түсіндірді.

"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" ҚР Заңына сәйкес Қор қызметін жыл сайын ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілетін комиссиялық сыйақы есебінен жүзеге асырады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық ұйымдар мен мемлекеттік активтер корпоративтік басқару департаменті директорының орынбасары Нұрбек Дусиповтың пікірінше, қызметтер бағасының жобасын талқылау бойынша көпшілік тыңдаулар өткізу Қор қызметінің мінсіздігі мен ашықтығын көрсетеді. 

30.06.2022
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу